Қостанайда көбік шоуы кезінде тоқ соққан қыз көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда көбік шоуы кезінде тоқ соққан қыз көз жұмды

12.09.2023

Қостанайда көбік шоуы кезінде тоқ соққан қыз көз жұмды. Оқиға 25 тамыз күні болған. Бірден ауруханаға жеткізілген жеткіншек бүгін таңертең қайтты. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы да мұны растады. Көбік шоуын жастар күніне орай Ұзынкөл ауылдық әкімдігі ұйымдастырған. Қазір қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 


Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу