Зілзала болған Мароккода Қазақстанның 30-дан астам азаматы бар. Барлығы дін аман. Табиғи апат кезінде елшілік қызметкерлері де, өзге отандастарымыз да зардап шеккен жоқ. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты. «Қазір барлығымен байланысып отырмыз», - дейді. Сондай-ақ, олар елге қайту туралы өтініш білдірмеген.
Асылбек Данияр