Астанада қоғамдық орында түкіргендерге 19 млн теңге айыппұл салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада қоғамдық орында түкіргендерге 19 млн теңге айыппұл салынды

12.09.2023

Астанада қоғамдық орында түкіргендерге 19 млн теңге айыппұл салынған. Осылайша, жыл басынан бері 1200-ден аса адам жазаланған. Олардың әр қайсысы, 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде яғни, 17 мың теңге айыппұл төлеген. Бұл жөнінде қалалық полиция департаментінің басқарма басшысы Арман Айтмағанбетов мәлім етті. Полицейдің сөзінше, олар қоғамдық орындарда түкіргендерді бейнебақылау камералары арқылы анықтаған. Сондай-ақ тәртіп сақшыларға бейәдеп қылық танытқандарды суретке түсіріп жіберетіндер де көп екен. «Сондықтан мәдениетті сақтамайтындарды анықтау қиынға соғып жатқан жоқ», - дейді полиция өкілі. 


Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу