Ақмола облысында киік көбейіп барады. Екі жыл бұрын өңірде ақбөкен саны 80 мыңдай болса, қазір 200 мыңнан асады. Биыл түз жануарлары 76 мың гектардан астам алқапты таптап кеткен. Салдарынан егіннің шығымы нашарлап, шаруалар шығынға батып жатыр. Бір ғана Жарқайың ауданында киіктің кесірінен 17 шаруашылық зардап шексе, Егіндікөлде жануарлар 40 мың гектар жайылым жерді отап кеткен.
Абылай Комбатуров, шаруа:
30 мыңдай алқапқа егін ектік. Жаз бойы жаңбыр болған жоқ. Оның үстіне биыл киік өте көп келді. Биыл 5400 гектардай жерді отап кетті.