Қостанай облысында ірі көлемде есірткі тәркіленді. 335 келіден астам марихуана мен 20 келі гашишті осы өңірге жеткізбек болған деген күдікпен төрт адам ұсталды. Қазір олардың үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталып кетті. Ұстау операциясын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің мамандары жүргізді. Анықталғандай, күдіктілер ірі көлемдегі есірткіні оңтүстік өңірден жеткізбек болған.
Самал Қабышева