Шахмат спортын насихаттауға бағытталған керуен Көкшетауға табан тіреді. 30 адамнан құрылған топ бір ай бойы еліміздің барлық аймағын аралап, ашық турнирлер өткізбек. Алғашқы ойынға 20 шахматшы қатысып жатыр. Олардың арасында жастармен қатар егде жастағы кісілер де бар. Жүзден жүйрік шыққан ойыншы Түркістанда өтетін гранд-финалға жолдама алады. Бас бәйге 5 миллион теңге. Ұйымдастырушылар стратегиялық ойынды насихаттау үшін еліміздің түкпір-түкпірінде филиалдар желісін құруды көздеп отыр.
Жәрдембек Қуан, қатысушы:
Барлық Қазақстан бойынша шахмат ойының жан-жақты дамуына үлес қосуда. Шахматпен мен негізі сегіз жасымнан бері айналысамын. Турнир бойынша айта кететін болсақ, өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Қарсыластар өте мықты.
Ұмсындық Наурызбаева