Мемлекет басшысы Қатардың «Power International Holding компаниясының» иелері Рамез Әл-Хаят пен Муатаз Әл-Хаятты қабылдады. Президент бұл компания Қазақстан мен Қатар арасындағы экономикалық байланыстарға тың серпін береді деді. Кездесуде энергетика және геологиялық барлау салаларындағы ынтымақтастық жайы да қарастырылды. Ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау бағыттарындағы қарым-қатынастардың перспективалары талқыланды.
Шерхан Жамбылұлы