Еліміздегі мұнай қоры 1 млрд тоннаға жетуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі мұнай қоры 1 млрд тоннаға жетуі мүмкін

13.09.2023

Алдағы 22 жылда еліміздегі мұнай қоры 1 млрд тоннаға ұлғаюы мүмкін. «Жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекске өзгеріс енгізілсе, қара алтын өндірушілер артып, жаңа жұмыс орындары ашылады.

Заң жобасын әзірлеген Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғынов осылай деп мәлімеді. Жаңа құжат еліміздегі геологиялық барлау жұмыстарын барынша жеңілдетуге бағытталған. Мәселен, бұған дейін 3 жылға созылатын мемлекеттік сараптама мерзімі 8-12 айға дейін қысқарады. Ал әкімшілік шығындар 2 есе кемиді деген болжам бар. Сондай-ақ, жер қойнауын пайдаланушылар сейсмикалық барлау қорытындысы бойынша келешегі жоқ ұңғымаларды бұрғылаудан бас тартқан жағдайда оларға айыппұл салынбайды.

Дүйсенбай Тұрғанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің Депутаты, «Амаnат» партиясы фракциясының мүшесі:

Біріншіден, шамамен 8 мың жұмыс орны ашылады. Бұдан басқа, сарқылған мұнай қоры бойынша 60 млн тоннаға дейін мұнай өндіруге болады деген болжам бар. 

Хабарламаларға жазылу