Алматы облысында кәріз құдығына құлаған тағы бір оқушы денсаулығынан айрылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында кәріз құдығына құлаған тағы бір оқушы денсаулығынан айрылған

14.09.2023

Кәріз құдығына құлап кеткен бұл бірінші бала емесі. Редакциямызға хабарласқан Алматы облысының тұрғыны Үрзия Құрбаниязованың 7 жасар қызы былтыр қарашада мектепке барар жолдағы кәріз құдығына түсіп кеткен. Цементке құлаған ол аман қалғанымен, есін білмейді. Басынан ауыр жарақат алғандықтан жүре алмайды, ерекше күтімді қажет етеді. Оқиға болған аумақта сол уақытта құрылыс жүріп жатқан. Қауіпті жердің жан-жағы қоршалмаған. Сол себепті оқушы бетін қар басқан құдықты байқамай қалған.

Ұлттық арна тілшілері алдағы эфирде бұл оқиғаның жай-жапсарын анықтап, құзырлы органдар мен жауапты компаниядан пікір алуға тырысады.


Хабарламаларға жазылу