Алматыда «Дикий Арман» лақап атымен танылған Арман Жұмагелдиев пен қалалық мәслихаттың экс-депутаты Қайрат Құдайбергенге қатысты сот отырысы басталды. Айыпталушылар қатарында тағы 40-тан аса адам бар. Арман Жұмагелдиев Қылмыстық кодекстің 11-бабы, ал Қайрат Құдайберген 3-бабы бойынша айыпталып жатыр.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторында отырған Жұмагелдиев сотқа онлайн режимде қатысты. Ал Қайрат Құдайберген сот залына келді. Оларға қаңтар оқиғасы кезінде халықты жинауды ұйымдастыру, жазықсыз жандарды азаптау деректері бойынша бірнеше айып тағылған.