Үкімет басшысы жұмысты жеделдетуді тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет басшысы жұмысты жеделдетуді тапсырды

15.09.2023

Жамбыл облысындағы Тараз, Жаңатас, Қаратау және Шу қалаларындағы көпқабатты тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жүргізу жоспарлануда. Өңірде атқарылатын жұмыс барысы Үкіметте Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте талқыланды. Үкімет басшысы Жамбыл облысының әкімдігіне барлық басым жобалар бойынша құжаттама әзірлеуді және тиісті бюджеттік өтінімдерді беруді жеделдету қажеттігін атап өтті. Бұл ретте су шаруашылығы құрылымдарын күрделі жөндеуден өткізуге, суару желілерін қайта жаңартуға, су қоймаларын салуға және су үнемдеу технологияларын енгізуге баса назар аудару қажет екенін айтты. 


Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу