Жастар: Қаржылық сауаттылықты арттыру керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жастар: Қаржылық сауаттылықты арттыру керек

15.09.2023

Қарызсыз қоғам құрып, жастардың іскерлік қабілетін арттыру керек. Алматыда жиналған бір топ жас Президент Жолдауынан кейін осы мәселені талқыға салып, өз ойларымен бөлісті.

Жастар қазір тұтынушылық несие алатындардың күн сайын артып бара жатқанына алаңдаулы. Сол үшін мектепте «Кәсіпкерлік негіздері», ал жоғары оқу орындарында «Қаржылық сауаттылық» пәндері енгізілсе деп отыр.

Әкежан Кеңесов, «Жастар рухы» ЖҚ Алматы қалалық филиалы төрағасы:

Статистика бойынша, 1 миллионнан аса халық несие алып, белшесінен батып, оны төлей алмай отыр. 1 млн халық дегеніміз өте қорқынышты статистика. Осының нәтижесінде лудомания да қазіргі таңда өзекті мәселеге айналып отыр. Түрлі алаяқтық топтарға халықтың алданып қалуы да өз құқығын білмеуі де және пирамидасы бар, оңай табыс көзіне әуес болуы - қаржылық сауаттылықтың болмауынан.


Әйгерім Ердәулет 

Хабарламаларға жазылу