Әкімдер сайлауы: Халық пен билік арасындағы байланыс нығая түседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әкімдер сайлауы: Халық пен билік арасындағы байланыс нығая түседі

16.09.2023

Әкімдер сайлауы халық пен билік арасындағы байланысты нығайта түседі. Саясаттанушы Талғат Қалиев аудан әкімдері мен облыстағы маңызы бар қала әкімдерін сайлауға қатысты осындай пікір білдірді. 5-ші қараша күні алғаш рет халық әкімдерін өздері сайлайды. Пилоттық жоба ретінде алғаш енгізіліп отырған саяси науқанға биыл 42 аудан мен 3 қалада өтеді.

Талғат Қалиев, саясаттанушы:

Президент биліктің көбін сол жергілікті органдарға беріп жатыр. Сондықтан, ол жергілікті органдар өздері шешу керек. Кім қай жерге қаржы жұмсайды, қай жерге жол салады. Егер халық өз әкімдерін сайлап тұрса, онда әкімдерден өздері сұрай біледі.

Самал Қабышева


Хабарламаларға жазылу