Алматыда халал өнімдерінің жәрмеңкесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда халал өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

16.09.2023

Ет, шұжық, нан, кондитерлік және сүт, сондай-ақ косметика. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының халал сертификатын алған өнімдер алматылықтарға қолжетімді бағамен ұсынылды. Алматыда «Халал экспо – 2023» халықаралық жәрмеңкесі өтіп,100-ден астам кәсіпкер 200-ге жуық өнім түрін көрмеге қойды. Осымен үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған шараға биыл Малайзия, Индонезия, Қырғызстан, Татарстан мен Өзбекстан сынды тоғыз елдің тауар өндірушілері қатысты. Бүгінде отандық және шетелдік кәсіпкерлерді қоса алғанда 1500-ден астам мұсылмандар діни басқармасының халал сертифкатына ие. Олардың жыл санан қатары артып келеді.

Мейіржан Тілектес, ҚМДБ «Халал даму» стандарттау, сертификаттау ұйымының маманы, ұйымдастырушы:

Бұл жердегі көрменің тағы бір мақсаты халыққа халал сертификатын алған өнімдерді таныстыру. Халыққа көрсету және кәсіпкерлер арасындағы байланыстарды орнатып, саудаға үлкен жол ашу.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу