Бразилияда шағын ұшақ құлады. Оның бортында болған 14 адам түгел қаза тапқан. Оқыс оқиға елдің Амазонас штатында болды. Апатқа не себеп болғаны әзірге белгісіз. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, көз жұмғандардың барлығы - туристер. Әуе апаттарын тергеу және алдын алу орталығының мамандары ұшақ құлаған жерге барды. Олар шұғыл түрде қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтауға кіріскен.
Арай Төлегенқызы