«10 миллион теңге алмасақ, мектепті жарып жібереміз!». Осылай деп тараздық екі оқушы түнгі уақытта Облыстық білім басқармасының телеграм ботына хабарлама қалдырады.
«51 білім ордасында жарылыс болуы мүмкін» деген мәлімет тараған соң барлық құзырлы орган қызметі табанынан тік тұрады. Мектептің қуыс-қуысы жіті тексеріліп, түк таппаған. Сөйтсе 8-сыныптың екі оқушысы сабақты үзу үшін осындай әрекетке барыпты. Ойнаймын деп ойына келгенін істеген оқушылар жалған хабарлама таратқандарын мойындаған. Енді олардың ата-аналары жауапкершілікке тартылып, 17 млн теңге айыппұл төлеуге міндеттеліп отыр. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Данияр Әлімқұл