Жамбылда жалған хабарлама таратқан оқушылардың ата-аналары 17 млн теңге айыппұл төлейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбылда жалған хабарлама таратқан оқушылардың ата-аналары 17 млн теңге айыппұл төлейді

18.09.2023

«10 миллион теңге алмасақ, мектепті жарып жібереміз!». Осылай деген тараздық екі оқушы түнгі уақытта облыстық білім басқармасының телеграм ботына хабарлама қалдырады.

«№51 білім ордасында жарылыс болуы мүмкін» деген мәлімет тараған соң барлық құзырлы орган қызметі табанынан тік тұрды. Мектептің қуыс-қуысы жіті тексерілген. Ақыры олар ештеме таппады. 8-ші сыныптың екі оқушысы сабақты болдырмау үшін осындай әрекетке барған. Ойнаймын деп ойына келгенін істеген оқушылар жалған хабарлама таратқанын мойындады. Енді осы үшін олардың ата-анасы жауапқа тартылмақ. Яғни, 17 млн теңге айыппұл төлеуге міндеттеліп отыр. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Хабарламаларға жазылу