«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесіне қатысып жатқан 15 команда мәреге жете алмай, жарысты тоқтатты.
Түркістан мен Қостанай облысының шабандоздары бәйгені жалғастырудан бас тартты. Қалған 4 команда 1250 шақырымды бағындырды. Жарыс ертең Түркістанда аяқталады. Мәре сызығына дейін 50 шақырым бар. Төрешілер марафонды командасыз жалғастырып жатқан 3 атқа «Рекорд» деген атау беріп, 5-інші команда ретінде тіркеп, нәтижесін күнделікті белгілеп отыр. Астанадан Түркістанға дейінгі 1300 шақырымды бастан-аяқ 1 атпен еңсеруді және Қазақ жылқысының атын Гиннес рекордтар кітабына енгізуді көздеген азаматтарға төрешілер шешімімен қомақты жүлде қоры бекітілді. 1-орынға 2 миллион , 2-орынға 1,5 миллион , 3-орынға 1 миллион теңге беріледі.