Маңғыстауда буын ауруларын емдейтін маман тапшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда буын ауруларын емдейтін маман тапшы

19.09.2023

Маңғыстауда буын ауруларын емдейтін маман тапшы. 700 мыңнан астам халқы бар аймақта не бәрі 7 ревматолог дәрігер жұмыс істейді. Олар буын ауруларына шалдыққан 3 мыңнан астам науқасты қабылдап үлгермей жатыр. Оның үстіне соңғы кезде ревматологиялық аурудың түрлері көбейген. 

Айкүміс Нұртілеуова алғаш басы аурып, балтыры сыздағанда дәрігерлер диагнозды дұрыс қоймай, аллергияның емін қабылдаған. 6 жылдан кейін сырқатының ревмотологиялық дерт екенін біледі. Оны Алматылық мамандар растаған.

Айкүміс Нұртілеуова,  қала тұрғыны:

2018 жылдан бері аяғыма, қолымда дақтар пайда болып, бармаған жерім жоқ. Аллергиялық деген соң, 5-6 жыл аллергиямен емделдім. Содан ақырында ревмотологке келіп анықталды. Бізде ревматолог қала бойынша біреу. Сондықтан біз осы жерде қараламыз.

Асылхан Нұрғожаева – облыстың штаттан тыс ревматолог-дәрігері. Ақтау қаласындағы нөмірі 2-емханада бір өзі күніне 25-30 науқасты қабылдайды. Оның айтуынша, маман жетіспегендіктен, күн ұзағына бел жазбай жұмыс істеуге тура келеді.

Асылхан Нұрғожаева, Маңғыстау облысының штаттан тыс ревматолог-дәрігері:

Жеке емханаларға жібереміз рентген түсірілімдерді. Мүмкіндігінше науқастар өздері түсіп келеді. Басқа облыстарға барып емделіп келетіндері болады. Былтыр 1160 болды. Соңғы 6 айлық есеп көрсеткіш бойынша 1350 адам тіркелді.

Мамандардың айтуынша, соңғы жылдары буын ауруларының түрлері көбейген. Бірақ, науқасқа уақытында көмек көрсетілсе, мүгедектікке жеткізбеуге болады. Мәселені шешу мақсатында, келесі жылы Ақтауда ревмотологиялық орталық ашу жоспарланған. 39 орындық заманауы бөлімше облыстық аурухананың жанынан іске қосылмақ. 


Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу