Қызылордада Абай Құнанбаевтың осыдан 100 жыл бұрын басылған өлеңдер жинағы табылды. Араб тілінде жарыққа шыққан көне кітап музей қорында сақталған. Ғылыми қызметкерлер құнды жәдігер ұлы ақынның кітабы екенін тіл мамандарына жүгіну барысында анықтаған.
Өлкетанушы Жұмабай Байзақұлы жинақтың мамзұнын және онда Абайдың қанша өлеңі енгенін тізіп шыққан. Жалпы кітап төрт бөлімнен құралған. Бірақ, біраз парағы жыртылып, беттері түгел сақталмаған. Ғалымдар тарихқа сүйеніп, бұл жинақ 1922 жылы Қазан қаласында басылған деп болжап отыр.
Жұмабай Байзақұлы, өлкетанушы:
Жалпы әр өлеңі кітапта таңбаланған. Бұл кітапта 11 санынан басталып тұр. Сонда 135 өлең жана 10 санмен таңбаланғанда 145-тей өлеңі енген деп топшылап отырмын. Бұл негізі кітап А.Байтұрсыновтың төте жазуына келмейді. Қазақша жазылған, бірақ араб алфавитімен жазылған.
Жалпы мұражай қорында әлі мазмұны ашылмаған парсы, шағатай, араб тілінде жазылған 200-ден астам кітап бар. Соның бүгінде 15-і ғана зерделеніп, аударылған. Мұнда 1800-ші жылдың аяғы мен 1900 жылдардың бас кезінде жарыққа шыққан қолжазбалары сақтаулы тұр.
Ләззат Жалғасбайқызы, облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері:
Тарихи әлі зерттеуді талап ететін өте қызықты кітаптар, соның ішінде жергілікті жерде Қалжан ахунның қолжазбалары, көптеген зиялы қауым өкілдерінің қолжазбалары бар.