Петропавлда жетім баланың баспанасын қамқоршысы жалға беріп келген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда жетім баланың баспанасын қамқоршысы жалға беріп келген

20.09.2023

Петропавлда жетім балаға тиесілі бірнеше пәтерді қамқоршысы жалға беріп, заңсыз пайда тауып келген. Прокуратура өкілдері қаржылық қылмысты әшкереледі. Анасы қайтыс болғаннан кейін 13 жастағы жасөспірімге мұраға 3 пәтер қалған. Жетім балаға қамқоршы ретінде бекітілген туысы баспаналарды ұзақ уақыт бойы тиісті органның рұқсатынсыз жалға беріп келген. Күдікті баланы жетімдер үйіне тапсырып, заңсыз пайда табуды жалғастыра берген. Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір шығынды анықтау шеңберінде, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жалғасуда. Бұл іс облыс прокуратурасының қатаң бақылауында.


Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу