Алматыда «қара тізімге» іліккен тұрғын үй кешендері күрт көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «қара тізімге» іліккен тұрғын үй кешендері күрт көбейді

20.09.2023

Алматыда «қара тізімге» іліккен тұрғын үй кешендері күрт көбейді. Мына үй атауларына мұқият назар салуларыңызды сұраймыз.

Әкімдіктің мәліметінше, қазір бұл тізімге 30 тұрғын үй кешені іліккен. Олардың барлығының құжаттары толық емес. Көбі сараптамадан өтпеген, тіпті эскиздік жобасы жоқ. Кейбірінің жер телімі бау-бақша өсіруге арналса да, көпқабатты тұрғын үй құрылысын бастап кеткен. Сондықтан жергілікті билік дәл осы үйлерден пәтер алуға кеңес бермейміз деп ескертіп отыр. Мамандар баспана алмас бұрын алдымен салынып жатқан кешендердің құжаты бар-жоғын тексеру керектігін ескертеді. Оны мына анықтамалық нөмірі арқылы әп-сәтте біле аласыз:+7 (727) 229-81-36.


Әйгерім Ердәулет 

Хабарламаларға жазылу