Халық телеарна көрмейді. Жалған ақпарат көп. Әлеуметтік желі дамуда. Бұл қоғамда жиі айтылатын пікірлер. Бірақ, қазір телеарналардың жаңа аудиториясы қалыптасып жатыр. Көрерменнің телеарна ұсынған сапалы туындысына қызығушылығы артуда. Бізде отандық медиа қалай дамып жатыр? Қандай кемшін тұсы бар? Осы және өзге де сауалдар Astana media week апталығында талқыланып жатыр. Жалпы 2 мыңнан аса адам қатысады деген ауқымды шараға Түркия, Ресей, Корея сынды бірнеше елдерден мамандар арнайы келген. Мәдениет және ақпарат минстрлігі ұйымдастырған медиа апталықтан Самал Қабышева толығырақ.
Сыни тұрғыдан ойлау: Неге біз көргенімізге, естігенімізге және оқығанымызға сенбейміз? Дәл осы сауал Astana media week-тің алаңында талқыланды. Мамандардың айтуынша, қазір ақпарат көп. Шынайы және жалған дерек көзін ажырату қиындап барады. Ал, media week-ке арнайы келген Қырғыз Ұлттық ақпараттық агенттігінің басшысы жалған ақпаратпен күресудің жолын ұсынды.
Медербек Шерметәлиев, Қырғыз Ұлттық ақпараттық агенттігінің басшысы:
Дүние жүзінде фейк жаңалықтар бүтіндей бір мемлекеттің қауіпсіздігіне де әсер етіп жатқандары бар. Сондықтан бұл бір мемлекет емес, дүние жүзінде актуалды. Фейк жаңалықпен күресудің медиа тармақтың платформаларын еңгізу керек деп ойлаймын.
Сондай-ақ сала мамандары жалған ақпаратпен күресу үшін баспасөз хатшылары да ресми ақпаратты жылдам беруге дағдылану керек деп санайды. Astana media weekтің алғашқы күнінде сонымен қатар, телеарна, медиа, кино саласының басшылары нақты нәтижемен жеткен көрсеткіштеріне тоқталды. Жетістікке жетудегі қыр-сырымен бөлісті. Мәселен, «Қазақстан» Ұлттық арнасы халық көп көретін телеарналардың үздік үштігіне енген.
Ләззат Танысбай, «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма Төрайымы:
Біз тұңғыш рет қазақ телевизиясы тарихында мемлекеттік арна ретінде алғашқы үштікке кірдік.Біздің телекөрермендер азайған жоқ. Керсінше көбейіп жатыр. Себебі, бұрыңғы дәстүрлі тележәшік арқылы көретін контенттер тек басқа тәсілдер арқылы жетіп жатыр. Планшет арқылы. Смартфон арқылы.
Сондай-ақ медиа алаңда ютуб арнасын ашып, одан қаражат табу үшін қалай тіркелу керек? Аудиторияға өнімді ұтымды берудің қыр-сыры жөнінде мамандар кеңес берді.
Жомарт Аралбайұлы, контент жасаушы:
Ютуб қанша төлейді дегенге нақты жауап айту қиын. Мысалы, 1 млн қаралымға 100-150 доллар арасында төлейді. Өйткені қазақ тіліндегі контентке аз төленеді. Жастарға, не қызық қазір. Комикс, медиа, кино, мультик, сериал – солардың бәрін қазақыландыру керек.
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Astana Media Week елімізде ғана емес, жалпы медиа кеңістігінде бірегей алаңға айналғанын айтады.
Аида Балаева, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:
Бұл жиынға жыл сайын шет елдік беделді тұлғалар, беделді сарапшылар мен білікті медиа сарапшыларының арнайы қатысуы осының айғағы.
Самал Қабышева, тілші:
Astana Media Weekтің ертеңгі күнгі бағдарламасында диджитал көрме, өңірлік БАҚ-тың форумы ұйымдастырылады. Ал маңызды шара ретінде Қазақстан Ұлттық телеарнасы түсірген төл туынды «Міржақып, оян, Қазақ!» фильмінің премьерасы өтеді. Ал жұма күні өңірлік баспасөз хатшылырының семинар-тренингі ұйымдастырылады. Ол жерде жалған ақпаратпен күресудің қыр-сыры талқыланады. Ал, Astana Media Week апталығы Ұркер Ұлттық Премиясының жеңімпаздарын марапаттаумен аяқталады.