Еліміздегі дәрігерлер эпидемиологиялық ахуалға алаңдаулы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі дәрігерлер эпидемиологиялық ахуалға алаңдаулы

21.09.2023

Былтыр елімізде 4 миллионнан астам адам жіті респираторлық вирустық инфекциямен ауырған. Ал үш мыңдай науқас тұмау жұқтырған. Биылғы эпидемиологиялық жағдай алдыңғы жылдардан күрделі болуы мүмкін. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді. Эпидемиологтардың қатысуымен Астана халықаралық конференция өтіп жатыр. Олар инфекцияның алдын алудың ғана емес, өзге де мемлекеттердің денсаулық сақтау мекемелері қандай шара қолданып жатқаны талқылады. Эпид кезең қазан айында басталып, мамыр айына дейін созылады. Дәрігерлер, аурудан сақтану үшін вакцина алуға кеңес береді.
Ал екпе егу қазанның біріне басталады.

Мейірім Сұлтанова, ҚР Президенті іс-басқармасы санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының бөлім басшысы:


Жалпы 100-ден астам дәрігер қатысып жатыр. Осы аурумен бірінші кездесетін, науқасқа бірінші кеңес жүргізетін дәрігерлер үшін жүргізіліп жатыр. Келе жатқан эпид маусымда біз тұмаудың А түрінің 2 түрімен және В түрін болжап отырмыз. Сондай-ақ, басқа да инфекциялардың тіркелуін болжап отырмыз.



Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу