Қытайдың Ханчжоу қаласында Қазақстанның көк туы көтерілді. XIX Азия ойындарының ашылу қарсаңында атлетикалық қалашықта салтанатты шара өтті.
Шерхан Жамбылұлы, тілші:
Жаңбырлы ауа райына қарамастан бірнеше сағат бұрын Олимпиадалық қалашықта көк байрағымыз көтерілді. Әнұранымыз орындалды. Дәстүр бойынша, шара құраманың атлетикалық ауылға орналасқанын білдіреді.
Бұл шараға бапкерлер мен спортшылардан бөлек, ресми делегация өкілдері де қатысты. Қазір Ханчжоу қаласына 200-ден астам спортшымыз келіп үлгерді. Олар жарыс кестесіне сәйкес топ-топпен келіп жатыр. Спортшылар мен бапкерлер орналасып, дайындықты бастап кеткенін айтады.
Еске сала кетсем, Азиадаға 525 Қазақстан спортшысы қатысады. Олар 33 спорт түрі бойынша жүлдеге таласады. Ал Азиада алауы 23 қыркүйекте тұтанады.