«Міржақып. Оян, Қазақ!» фильмінің өтті. Тарихи туындыны алғашқы болып Аstana Мedia week апталығының қатысушылары көрді.
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы ұсынған тарихи туындыны көрермендер көздеріне жас алып тамашалағандарын айтады. Ал Міржақып Дулатұлының рөлін сомдаған актер алаш қайраткерінің әр сәтін тұла бойынан өткізгенін жеткізді.
Бұл «Міржақып. Оян, қазақ!» фильміндегі кадрлардан үзінді. Тарихи туынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының өнімі. Фильмде Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлының «Оян, қазақ» кітабын жазу, басу, тарату кезінде басына түскен қиын сәттері көрсетеледі.
Гүлмира Мағзұмова, Қостанай облысының тұрғыны:
Ұлы тұлғаларымыздың тағдыры қиын болғанына жүрегіміз ауырып, жылап алдық, өйткені бұл біздің тарих
Темірлан Айтбаев, Алматы облысының тұрғыны:
Фильмнің идеясы, мазмұны әрине біз сол бір кезеңді көз алдымызға елестетті. Құдды бір, Алаш кезеңіне сапар шеккендей болдық. Алған әсеріміз өте ерекше.
«Міржақып. Оян, Қазақ!» фильмінің премьерасына басты рөлді сомдаған актер Бақыт Қажбаевта келді. Фильмнің сәтті шыққанын актерді қаумалаған көрерменнің ықыласынан аңғару қиын болмады. Бақыт Қажбаевқа Міржақып Дулатұлының рөлін сомдау оңайға соқпаған сынды.
Бақыт Қажбаев, Міржақып Дулатұлының рөлін сомдаған актер:
Жалпы дайындық барысында 4 ай мүмкіндік болды. Ол түсірілімде емес, өзім жеке дайындалған кезде текст, мәтінді меңгерген кезде, сол сәттердің бәрі, толғанып, жылаумен өткіздім десемде болады. Өйткені Гүлнәр Дулатованың Шындық шырағы кітабын оқығанда менің тұла бойымнан өтіп, сол кісілерді тірідей көріп, сол кітапты оқып біткенше көз жаусымдай таусылған шығар деп айта аламын.
«Міржақып. Оян, қазақ!» туындысын алғаш болып көрген Astana Media weekтің қатысушылар фильм соңында осылай құрмет-қошеметтерін көрсетті.
Ертең Astana Media weekтің соңғы күні аясында баспасөз хатшылдардың семинар тренингі өтеді. Ол жерде мамандар қоғамға ақпаратты дұрыс, сауатты, әрі қызықты беру бойынша шеберлік сабақтарынан өтеді. Ал жетінші жыл қатарынан өткен Astana Media week апталығын Үркер Ұлттық премиясының жеңімпаздарын марапаттаумен аяқталады.