«Ұлы дала жорығы» марафон бәйгесінде жеңіске жеткен Жетісу облысының командасын жерлестері сән-салтанатымен қарсы алды. 14 күнде 1300 шақырымды жүріп өткен шабандоздар мәре сызығын бірінші болып кескен еді. Жеңімпаздарға құрмет көрсетіліп, шабандоздар мен бас бапкеріне ат мінгізді. Өткен жылғы жорықта Жетісу командасы екінші орын алған. Сол кезде жіберген кемшіліктерден сабақ алып, ерекше тактика ұстанып, қазанат мінген азаматтар діттеген мақсатына жетіп жеңімпаз атанды.
Айдархан Шәріпов, команда капитаны:
Ақыл жетпеген жерге сабыр жетеді дейді ғой. Сол сабырмен келдік. Негізі бұған енді былтыр кішкене тәжірбие аз болғаннан кейін, көп дайындық болмады бізде. Биыл енді Алла қалап, дайындалып бірінші орын аламыз деп барғанбыз.
Қуаныш Қанатұлы