Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сауда айналымы артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сауда айналымы артты

22.09.2023

Жыл басынан бері Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сауда айналымының қаржысы 755 млн доллардан асқан. Көрсеткіш өткен жылдың жеті айымен салыстырғанда 12,7 пайызға өсіп отыр. Бұл туралы бүгін Таразда өтіп жатқан Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы бірінші Өңіраралық ынтымақтастық форумында айтылды.

Екі күнге жалғасатын жиынның мақсаты - екі ел арасындағы сауда-саттық пен өзара әріптестікті дамыту. Әсіресе, тауар айналымын арттыру бағытына басымдық берілген. Бұл ретте жыл соңына қарай жалпы сауда айналымын 2 млрд долларға жеткізу көзделуде. Әзірге еліміздің экспорттағы үлесі 470 млн долларға жетсе, импорт 285 млн долларды құрайды. Қырғыз нарығына әсіресе ұн, балмұздақ, минералды сулар, маргарин және күнбағыс майын жөнелтеміз. Ал көршіден көбіне жеміс-жидектер мен көкөніс түрлері көп келеді. Сондықтан, еліміз агроөнеркәсіп кешеніндегі экспорт көлемін ұлғайтудың бес жылдық жоспарымен бөлісті. Бұл бағытта 2,6 трлн теңгеге 700 жобаның жүзеге асатыны айтылды.

Ербол Тасжүреков, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары:

Форум шеңберінде екі ел ауыл шаруашылық саласын бірігіп дамыту.Бұл жер деградациясы мәселесі, су тапшылығы,су үнемдеу технологияларын енгізу және де мынау ғылыми ұрық бойынша мәселелерді бірігіп қарастыру, яғни климатымыз бір, жердің құнарлығы бір боп саналады,сондықтан осындай бірқатар өзекті мәселелер қарастырылды.


Данияр Әлімқұл

Хабарламаларға жазылу