Алматы облысында көлік тізгінінде болған жасөсіпірім 6 баланы қағып кетті. 5-еуі зардап шекті.
Райымбек ауданының тұрғыны 15 жастағы жеткіншек рөлге ие бола алмай, тротуарға шығып кеткен. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, дене жарақатын алған балалар ауруханаға жатқызылған.
Қазір аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр