Шымкентте ауруханаға жеткізілген науқас санитарды теуіп, дәрігерді соққыға жықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте ауруханаға жеткізілген науқас санитарды теуіп, дәрігерді соққыға жықты

22.09.2023

Шымкентте ауруханаға жеткізілген науқас санитарды теуіп, дәрігерді соққыға жықты. Оны тыныштандыруға санитар мен дәрігердің шамасы келмеген соң, жедел жәрдем қызметінің фельдшерлері көмекке келген. Отбасында болған ұрыс-керісте соң, 28 жастағы жігіт қолына түскен белгісіз сұйықтықты ішіп қояды. Оны ажалдан арашалау үшін туыстары жедел жәрдем шақыруға мәжбүр болған. Дәрігерлермен қақтығыс мед-орталықтың жансақтау бөліміне жеткізілген кезде болған.

Сәкен Реметов, гипербариялық оксигенация орталығы бас дәрігерінің орынбасары:

Айтарлықтай жарақат алмаған. Бір санитаркамызды аяқпен тепкен, бір дәрігеріміз тыныштандыру барысында иығына, бетіне тиген. бірақ ешқандай көгерулер жоқ. 

Жарақат алған дәрігерлердің денсаулығы жақсы, қызметін жалғастырып жатыр. Ал бұзақы науқас/ ем алудан бас тартып, оны туыстары үйіне алып кеткен. Осы оқиғаға байланысты полиция іс-қозғады.


Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу