Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Короліне құттықтау жеделхатын жолдады. Қазақстан халқы және жеке өз атынан Қос киенің сақшысы, Салман бен Әбделазиз Әл Саудты Сауд Арабиясының Ұлттық күнімен құттықтады. Бүгінде еліңіз – саяси тұрғыда іргесі берік, экономикасы тұрақты, Таяу Шығыстағы үлгі тұтар мемлекет, халықаралық қауымдастықтың беделді мүшесі. Алдағы уақытта Корольдіктің дамуы баянды, мерейі үстем болуына тілектеспін, – деп жазылған жеделхатта. Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Қазақстанның Шығанақтағы сенімді серіктесі екенін атап өтті. Екі ел арасында достық пен жоғары деңгейдегі саяси диалогқа негізделген қарым-қатынастар нығая береріне сенім білдірді.
Асима Нұрбайқызы