Ал АҚШ-тың Энергетика министрлігі елдегі мұнай қоры өткен аптада 2 млн баррельге төмендегенін жариялады. Жанармай қоры 0,83 млн баррельге азайған екен. Бұл құрама Штаттардың мұнай экспортының көлемін ұлғайтуымен байланысты.
Жалпы, қазір жаһанда қара алтынға деген сұраныс артып жатыр. Бірақ осы аптаның негізгі жаңалығы Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас ассамблеясының 78-сессиясы. Ондағы басты месседждерді Нұрбек Матжани саралайды.