Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық «Иннопром. Қазақстан» өнеркәсіп көрмесіне келген Ресей, Беларусь және Қырғызстан үкіметтерінің басшыларымен кездесті. Мемлекет басшысы қазақ жерінде тұңғыш рет өткізіліп жатқан өнеркәсіп көрмесіне қолдау көрсеткені үшін оларға ризашылық білдірді.
«Бүгінде аталған іс-шара тұрақты іскерлік алаңға айналып келеді. Бұл – қуанышты жайт. Көрме аясында әлеуетті серіктестер мен инвесторлар елдеріміздің индустриялық секторының жетістіктерімен жақынырақ танысады, сондай-ақ өзара тиімді жобаларды іске асыру үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.