Астанада 2-сынып оқушысы мектеп баспалдағынан құлап, ауруханаға түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада 2-сынып оқушысы мектеп баспалдағынан құлап, ауруханаға түсті

25.09.2023

Астанадағы №14 мектепте оқушы баспалдақтан құлап, ауруханаға шұғыл жеткізілген. 2-сынып оқушысы басынан ауыр жарақат алған. Көру қабілетіне зақым келген болуы мүмкін. Дегенмен дәрігерлер бала есін біледі, жағдайы орташа ауыр деп отыр.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваның дерегінше, мектеп басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалған. Білім ошағының биылғы оқу жылына дайындық сапасы бойынша тексеру жүріп жатыр.  

Торғын Мелісқызы

Хабарламаларға жазылу