Астанада баспалдақтан құлаған бала көру қабілетінен айырылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада баспалдақтан құлаған бала көру қабілетінен айырылуы мүмкін

25.09.2023

Астанадағы №14 мектепте 7 жастағы оқушы екінші қабаттың баспалдағынан бірінші қабатқа құлады. Осы жайттан кейін бүгін ғана мектеп директоры жұмыстан қуылды. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ал мектеп директоры өзінің бұған тікелей жауапты екенін мойындап отыр. Ең сорақысы, бала құлаған сәтте баспалдақта қоршау болмаған. Тек оқыс оқиғадан кейін ғана орнатқан.

Бейнебақылау камерасына жазылған кадрдан баланың баспен құлағанын анық көруге болады.

Самал Қабышева, тілші:

Оқыс оқиға дәл осы жерде болған. Директордың айтуынша, бірінші қабаттан екінші қабатқа көретіліп келе жатқан 2-сыныптың балалары ойнап бірін итеріп жіберген. Бала осы жерден құлаған. Оқыс оқиға кезінде мына сүйеніш болған. Мына қоршаулар болмаған дейді. Тек оқиғадан кейін ғана мына қоршауларды орнаттық деді мектеп басшысы.

Дидар Байтасов, №14 мектеп-гимназиясының директоры:

Мектеп 50 жыл бұрын салынған. Проектный сметалық документация бойынша ондай перемышкалар қарастырылмаған болатын. 50 жыл бұрынғы салынған мектеп. Осы жағдай болғаннан кейін қосымша қоршауды өз күшімізбен бірден орнаттық. Бұл оқиға бәрібір мектеп әкімшілігі, оның ішінде тікелей директордың қателігі.
Ал Темірланның әкесі баласы мүгедек болып қалады ма деп алаңдайды. Мектепке сау баламды жібергендіктен, барлық жауапкершілікті мектеп басшылығы мен білім басқармасынан талап етеді.

Бекжан Қожамқұлов, баланың әкесі:

Бес жерден сынған. Көзі сынған. Көздің артына сүйек тұрып қалған. Соны ала алмады операция істеп. Бүгін көздің жанынан да сынған деп тұр. Көзі маған жақсы деген. Бүгін 50 пайызға көрмейді деп хабарлап тұр. Екінші көзі минусқа кеткен. Егер олар операция істей алмаса, білім бөлімі бізге бүкіл операцияның ақшасын төлесін.
Мектепте баспалдақтан құлап, жазым бола жаздаған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Данияр Жанқұлов, Сарыарқа аудандық Полиция басқармасының басшысы:

Тергеу қылмыстық кодекстің 141 бабы яғни, «балалардың өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше оорындамау бойынша жүріп жатыр.
Айта кетейік, бұл оқиғаның болғанын бір апта болған. Бірақ мектеп директоры бүгін ғана жұмыстан шығарылды.

Хабарламаларға жазылу