Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіп кешені дамуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіп кешені дамуда

25.09.2023

Қару-жарақ пен әскери техниканы жөндеу технологиясын игеруді 55%-ға дейін, заманауи өндірістерді 70%-ға дейін жеткізу міндеті тұр. Бұл туралы еліміздің Өнеркәсіп және құрылыс министрі ведомствоаралық кеңесте мәлімдеді. Қорғаныс ведомствосында өткен кеңесте Қорғаныс және Өнеркәсіп пен құрылыс министрліктерінің, Қорғаныс Өнеркәсіп Кешендері кәсіпорындарының басшылары қатысты.

Бүгінде Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіп кешені 47 мемлекеттік және жеке кәсіпорыннан тұрады. Олар жыл сайын 200 млрд теңгеге өнім өндіреді. Енді әскери техниканы жөндеу технологиясын игеру үлесін көбейту көзделіп отыр. Жиынға қатысушылардың айтуынша қару-жарақ пен оқ-дәрілердің заманауи үлгілерін өндіру үшін, Ағымдағы геосаяси ахуалды, санкциялық шектеулерді ескеру қажет.

Ербол Бегілдаев, ҚР қорғаныс министрлігі әскери-техникалық саясат департаменті бастығының орынбасары:

Бәрімізге мәлім, дамыған мемлекеттерде қорғаныс өнеркәсіп кешені ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Жалпы Қорғаныс министрлігі отандық өнеркәсіп кешенінің тұрақты өзара әрекет жасай отырып, олардың дамуларын белсенді қолдайды

Бүгінде отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешені – мемлекеттік қорғаныс тапсырысының шамамен 50%-ын құрайды. Ол тек ішкі нарықта ғана емес, сыртқы экспортта да табысты жұмыс атқарып келеді.

Руслан Жақсылықов, министр:

Ведомство өнімнің негізгі алушысы ретінде өнім мен қызмет көрсетілген техникалық талаптарға, сапаға және оңтайлы баға көрсеткіштеріне сәйкес келген жағдайда өндірісті дамытуды қолдауға дайын екенін айтты.

Ербол Бегілдаев, ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери-техникалық саясат департаменті бастығының орынбасары:

Мемлекет басшысы "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауында армияны жоғары технологиялық қару-жарақпен және әскери техникамен қамтамасыз ету, және отандық қорғаныс кешенінің жан-жақты нығайту негізгі мәселе деп атап өтті. Сонымен қатар техниканы жедел жөндеу бойынша нығайтуды, отандық кәсіпорындарды қолдауды күшейту керек деді.

Айта кетейік, биыл 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауында армияны жоғары технологиялық қару-жарақпен қамтамасыз ету бойынша тапсырған жүктеген болатын

Хабарламаларға жазылу