Жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері Нұрлыхан Шарханның жеңісі спортшының отбасын қуанышқа бөлеп, ана жүрегін елжіретті. Жетпістің белесіне шыққан Шарханның атасы белдесуді теледидардан тамашалады. Қызылордалық дзюдошының күресін отбасымен бірге көршілері де келіп, жанкүйерлік етті.
Жанат Мұсаева, Нұрлыханның анасы:
Мен ешқашан көрген емеспін. Иә жеңгенін естимін, иә жеңілгенін естимін, болды. Қанша дегенмен, ана жүрегі шыдамайды ғой. Далада еңбектеніп жүрген еңбегі қайтса екен деп тілеймін. Баламның тауы шағылмаса екен деп тілеп отырамын.
Асылбек Данияр