Қазақстандағы ақылы жолдардың тарифі өзгерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандағы ақылы жолдардың тарифі өзгерді

26.09.2023

Қазақстандағы ақылы жолдардың тарифі өзгерді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бұйрығына сәйкес, көлік жүргізушілері 3 қазаннан бастап жол ақысын жаңа тарифпен төлейді. Баға айлық есептік көрсеткішке байланысты есептеледі.

Жалпы алғанда 11 ақылы жолдың тарифі қымбаттады. «Астана – Щучинск», «Астана – Теміртау», «Тараз – Қайнар» және «Қонаев – Талдықорған» тас жолдарында жеңіл көліктер үшін 200-300 тг аралығында болмақ. «Алматы – Қорғас» бағытындағы жолға 359, «Астана – Павлодар» бағытына 456 және «Шымкент – Қызылорда» тас жолына 527 теңге деп бекітілді. Ал «Щучинск – Көкшетау», «Алматы – Қонаев», «Шымкент – Тараз» және Шымкенттен Өзбекстан шекарасына қатынайтын жол ақысы арзандау, 72 теңгеден 120 теңгеге дейін.


Хабарламаларға жазылу