Қазақстанда қайтарылған активтерді басқаратын компания құрылды. Енді оған түскен капитал толығымен мемлекетке тиесілі болады. Ал Компанияны Қаржы министрлігі бақылайды.
Премьер-Министр Әлихан Смайылов бүгін тиісті қаулыға қол қойды. Кәсіпорында заңгерлік, экономикалық білім бар, шет тілдерді меңгерген 20 шақты адам жұмыс істейді. Сондай-ақ, Парламент депутаттары, қоғам белсенділері мен тәуелсіз сарапшылардан тұратын Қамқоршылық кеңесі құрылады. Олар заңсыз активі болуы мүмкін адамдардың тізімін құпия түрде жасақтайды. Ал сыртқа кеткен ақшаны қайтару жұмыстарымен Бас прокуратура жанынан құрылған уәкілетті орган айналысады.