Ақтөбедегі мектептердің бірінде қызылша ауруына байланысты карантин жарияланды. Облыс орталығындағы №11-ші мектептің бір сыныбы оқшауланған.
Білім ордасы басшысының айтуынша, бір баладан ауру табылған. Оның қызылшаға қарсы екпе алмағаны белгілі болып отыр. Науқаспен қарым-қатынаста болған балалардың барлығы тексерістен өткен. Бұл сыныптың балаларына өзге оқушылармен араласуға уақытша тыйым салынған. Қоңырау уақыттары да бөлек. Бұл шаралар 5-інші қазанға дейін жалғасады. Соңғы мәлімет бойынша, облыс аумағында 400-ге тарта адамнан індет анықталған.
Ардақ Сүлейменова. мектеп директорының міндетін атқарушы:
Тек бір сыныпта сабақ өтеді. Барлық жағдай жасалған. Желдету, кварц қосу, сол кабинетте әртүрлі жұмыстар жүргізіледі.