Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы сотталды. Бұл жөнінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады. Руслан Қасыбаев мердігер ұйымға орындалмаған жұмыс үшін заңсыз ақы төлеген. Сондай-ақ, техникалық қадағалаудың оң қорытындысын алмай, өрт сөндіру бөлімдерінің бірін пайдалануға қабылдаған. Ол билікті асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығынан және өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды.
Қуан Нұрақын