Бұл отбасымыздың ғана емес, бүкіл қазақтың жеңісі – Смайыл Дүйсебайдың әкесі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бұл отбасымыздың ғана емес, бүкіл қазақтың жеңісі – Смайыл Дүйсебайдың әкесі

28.09.2023

Қазақстандық таэквондошылар ел қоржынына екі қола медаль салды. Бірі – әйелдер арасында 67 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Дениз Жансель. Ширек финалды жеңіспен бастаған отандасымыз жартылай финалда оңтүстік кореялық спортшыға есе жіберді. Кездесу 1:2 есебімен аяқталды. 80 келіде өнер көрсеткен Смайыл Дүйсебай да жартылай финалда сүрініп, жарыс қожайынына 0:2 есебімен жол беріп, Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Баласы бәйге шапса, ата-анасы үйде отырып тақымын қысар. Түркістан облысы Жетісай ауданында тұратын Таеквондодан Азия ойындарының қола жүлдегері Смайыл Дүйсебайдың жақындарын әріптестеріміз құттықтап барды. 12 жылдан бері таеквондомен айналысатын Смайыл Азия біріншілігінің чемпионы және Универсиаданың күміс жүлдегері. Үйдің кенжесі жақында ғана отбасын құрған екен. Ата-анасы ұлдарының жеткен жетістігін мақтанышпен айтып болашағынан зор үміт күтетін айтты.

Алтай Сегізбаев, Смайыл Дүйсебайдың әкесі:

Ол жалғыз Смайылдың жеңісі емес, біздің отбасымыздың жеңісі емес, бүкіл қазақтың жеңісі деп білеміз. Енбі бұдан бұлай да ұлымыздан үлкен үміт күтеміз. Алда әлі Әлем чемпионаты, Олимпиада ойындары бар. Құдай қаласа, сол додаларда топ жарып, жеңімпаз атанатынына сенімдіміз.


Хабарламаларға жазылу