Елімізде үш шаһар қала мәртебесінен айырылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде үш шаһар қала мәртебесінен айырылуы мүмкін

28.09.2023

Ал Қазақстанның 3 қаласы әкімшілік сатусынан айырылып, ауылға айналуы мүмкін. Олар – Ақмола облысындағы Степняк қаласы мен Ақтөбе облысындағы Темір және Жем қалалары.

Бүгін жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі жарлығы жарияланды. Құжатта халық саны 10 мыңға жетпейтін қалалардың мәртебесін өзгерту шаралары кезең-кезеңімен іске асырылатыны жазылған. Ал бұл 3 әкімшілік орталықта 4 мыңдай ғана тұрғын бар. Сондай-ақ, Жарлықта халық саны 50 мыңнан асқан 17 ауылға керісінше қала мәртебесі берілетіні айтылған.


Хабарламаларға жазылу