Елімізде 328 мыңнан астам адам көлік салығын төлемей жүр. Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, бүгінде мыңнан астам азаматтың автомобилі мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылған. Оның ішінде салықты бірнеше жылдан бері төлемей жүрген азаматтар бар. Төлемді уақытылы жасамағандардың банк шоттары бұғатталған.
Айта кетейік, бүгінде жанармайды аз шығындайтын көліктерді салықтан босату мәселесі қаралып жатыр.