Ел қоржыны тағы бір медальмен толықты. Триатлоншы Аян Бейсенбаев Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Ақмолалық спортшы 1500 метр жүзуді, 40 шақырым велокезеңді және 10 шақырым жүгіруді 1 сағат 52 минут 25 секундта бағындырып, үшінші орынға табан тіреді. Ұлының жеңісін жұмысқа барар жолда естіген Дидар Бейсенбаева қуанышын жасыра алмай, туған-туыстарына хабарласып, сүйінші сұрады.
Ұлын тоғыз жасында спорт үйірмесіне жетектеп апарған анасы. Алайда алғашқыда бұл жәй ғана әуестік деп ойладық,- дейді ол. Дегенмен, арада бір жыл өтпей-ақ Аян қатарластарынан озып шығып, түрлі республикалық, халықаралық жарыстарда жеңіс тұғырынан көрініп келеді.
Дидар Бейсенбаева, Азия ойындарының қола жүлдегері Аян Бейсенбаевтың анасы:
Кішкентай кезінде ауырды. Бронхит болды. Сол кезде дәрігерлер бассейнге беріңіз деген. Солай триатлонның мектебіне апардым. Тренировкаға барып жүрді. Ерінбей. Жаттығуға күніне екі рет барады. Таңертең, сосын түстен кейін тағы барады.