Түркияда коронавирустың Эрис штаммын жұқтырғандар күрт көбейді. Бұл ақпаратты елдің Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа таратты. Оның айтуынша коронавирустың Эрис варианты тез жұғады, дегенмен бұрынғы вирустар сияқты ауыр емес. Яғни науқастар ауруханаға жатпайды тек қарапайым тұмау сияқты өтіп кетеді. Әйтсе де бұл вирус анықталған адамдар жазылғанша үйден шықпағандары дұрыс деді министр. Мамандар вирустың таралуы мен адамдарға әсерін күн сайын бақылап отыр. қандай да бір карантиндік шектеулер әзірге болмайтынын және жаппай екпе салу қажет емес деді Түркияның денсаулық сақтау министрі.
Фахреттин Қожа, Түркияның денсаулық сақтау министрі
Ковид алғаш басталғанда оның қандай вирус екенін, қалай күресу керектігін білмеген едік. Қазір оның барлығын білеміз, сондықтан жаңа штамнан қорқудың қажеті жоқ. Дегенмен бұл вирусты жұқтырған адамдар көпшілік орындарда маска тағып, ал мүмкіндік болса мүлде үйден шықпай карантинде болғаны дұрыс. Әзірге жаппай екпе салу туралы жоспарымыз жоқ