Жамбыл облысы «Айша бибі» полигонындағы оқу-жаттығу кезінде снаряд жарылған. Ұлттық ұланның үш офицері жарақат алды. Мұны Ұлттық гвардия баспасөз қызметі растады. Олардың хабарлауынша, офицерлер аяғынан жарақаттанған, қазір Тараз қаласында ауруханада жатыр.
Ернар Әшірбеков, 65/06 әскери бөлімі командирінің орынбасары:
Қазіргі таңда 3 офицердің де жағдайы жақсы. Біреуі шығып, Шымкент қаласында үйінде. 2 офицер Тараз қаласында ауруханада. Жағдайы жақсы. Денелеріне, басына тимеген. Аяқтарында орны бар.
Ғани Қалмаханов