Ақмола облысында ата-анасы қан құюдан бас тартқан бала қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында ата-анасы қан құюдан бас тартқан бала қайтыс болды

30.09.2023

Ақмола облысында ата-анасы қан құюдан бас тартқан бөбек қайтыс болды. Дәрігерлердің мәліметінше, сәби ауруханаға өте ауыр хәлде жеткізілген. Оған екі жақты пневмония, сепсис, токсикалық кардит, гепатит, нефрит диагноздары қойылған. Онымен қоймай, миы ісініп, өкпесінің екі жағы зақымданғандықтан бала екінші дәрежедегі комаға түскен. Медициналық көрсеткіштер бойынша бүлдіршінге шұғыл түрде қан құю қажет болған. Ата-анасы одан бас тартқан. Дәрігерлер қорғаншылық және қамқоршылық органына да жүгінген. Дегенмен ата-ана баласының өміріне өздері жауапты екенін жазып, қолхат берген. 1 жас 8 айлық баланың жағдайы күннен-күнге нашарлап, төрт күннен кейін жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

Маржан Махашева, Көпбейінді облыстық балалар ауруханасының бөлімше меңгерушісі:

Әке-шешесімен көзбе-көз осы жерде бас дәрігермен комиссия отырысы өтті. Бірақ, әке-шешесін ешқандай уәждер көндіре алмады. Баланың жағдайы о бастан өте ауыр болды. Қан құйғанның өзінде баланың жағдайы тәуір болып кетеді деп ешкім жүз пайыз кепілдік бере алмас едік.

Ұмсындық Наурызбаева


Хабарламаларға жазылу