Алматыда оқушыны қорлады деген дерек бойынша тергеу басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда оқушыны қорлады деген дерек бойынша тергеу басталды

02.10.2023

Алматыдағы халықаралық мектепте 1-сынып оқушысын қорлады деген дерек бойынша тергеу басталды. Баланының қорлық көргенін оның анасы әлеуметтік желіде жариялаған болатын. 7 жастағы ұлының мектептен шалбары жыртылып келген. Соңғы кездері қорқынышты түстер көріп, ұйқысы нашарлаған. Тіпті агрессияға жиі бой алдырған. Қазір онымен психолог және психотерапевт жұмыс істеп жатыр. Полиция аталған дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындады.

Салтанат Әзірбек, қалалық полиция департаментінің ресми өкілі:

Істің объективті мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу шараларының кешені жүргізілуде.Тергеу барысы бақылауда. қылмыстық іс бойынша Бостандық аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 121-бабы 3-бөлігіне сәйкес тергеу жүргізіп жатыр.


Әйгерім Ердәулет 

Хабарламаларға жазылу