Қазақ қызы ұлыбританиялық байқауда топ жарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ қызы ұлыбританиялық байқауда топ жарды

02.10.2023

Ол биыл жазда «Golden Time Talent»  сайысына өз туындысын фото, видеоға түсіріп онлайн жолдаған.

Байқауға 30 елден 190 қылқалам шеберінің туындысы түскен. Екі айдан кейін Әсемгүл Сүлейменованың «Ана мен бала»  картинасы үздік деп танылды. Ал туындыдағы әже мен бала өзінің енесі мен жолдасы екенін айтты.

 Әсемгүл Сүлейменова, «Golden time talent» байқауының жеңімпазы:

 «Жамбылдың жастық шағы» деген фильмінде енем Жамбылдың енесі болып ойнайды. Сол көрінісі маған өте ұнады. Соны бейнелегім келді. Жеңімпаз боламын деп, орын аламын деп ойлаған жоқпын.

Әйгерім Ердәулет


Хабарламаларға жазылу